«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Пушкина И.С. мектепте буккроссинг бұрышын ұйымдастырды. Буккроссинг ағылшын тілінен кітап алмасу деп аударылады. Оның мәні өте қарапайым: оқырман кітапты басқа адам алып оқи алатындай етіп қоғамдық орында қалдырады, содан кейін келесі адамға дәл солай қалдырады. Бұл мүмкіндік енді оқушылар мен мектеп қызметкерлері үшін пайда болды.



