«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Балаларға оқиық!» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға кітапхана меңгерушісі Пушкина И.С., сынып жетекшілері және 5-11 сынып оқушылары қатысты. Үлкендер балаларға қызықты әңгімелер, орта және жоғары сынып оқушылары кіші жолдастарына, іні-қарындастарына ертегілер оқып берді. Мұндай әрекеттер үнемі жүргізілуі керек, өйткені бірлескен оқу, дауыстап оқу бала үшін өте маңызды бірлескен әрекет, эмпатия сәтін қамтиды.









