Сынып сағаты әнұранды орындаудан басталып, ҚР Білім министрі Г. Бейсембаевтың оқушыларға арналған құттықтау сөзімен және қазақстандық балалардың жетістіктері туралы бейнеролик көрсетумен жалғасты. Содан кейін әр сынып оқушыларының жетістіктері туралы бейнероликтер көрсетіліп, марапаттау ұйымдастырылды.



